“Ақтөбе” футбол клубы Армен Арамович Манучарянмен қоштасты.

23.Jun.2021

Ойыншымен болған келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылғанын хабарлаймыз.

Армян легионері 2021 жылдың ақпан айында «ақ-қызылдардың» қосынын толықтырған болатын. Осы уақыт ішінде Армен Қазақстан чемпионатында 11 матч ойнады.

«Ақтөбе» футбол клубы Армен Манучарянға өткізген ойындары үшін алғыс білдіреді және басқа клубта табысты өнер көрсетуін тілейді!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі.