БАҚ аккредитациясы

03.Mar.2022

«Ақтөбе» футбол клубы 2022 жыл бойына өтетін футболдан OLIMPBET Қазақстан чемпионатының және ҚР Кубогінің үйдегі матчтарына спорт журналистеріне (1 басылымнан 1 журналист) арналған аккредитацияға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне:
— матч өтетін күні спорттық аренаға кіруге;
— баспасөзге арналған арнайы аймақтағы орынға;
— матчты бастау хаттамасын алуына рұқсат беріледі.

Бас редактордың/бас редактор орынбасарының қолымен БАҚ бланкісінде талап етілетін аккредитация түрін міндетті түрде көрсете отырып: (журналист/ТВ/фотосурет) өтініш хатты press@fc-aktobe.kz электронды мекен-жайына жіберулеріңіз сұралады.

Өтінімдер 7 наурызға дейін қабылданады және аккредитация алғашқы үйдегі ойын болатын күні беріледі.

Толық ақпаратты төмендегі байланыс нөмірі арқылы алуға болады:

8-702-282-08-46 Әсет Жомарт