Александр Седнев: «”Ақтөбенің” бүгінгі жеңісі жанкүйерлердің арқасында болды деп ойлаймын»

22.Aug.2022

«Ордабасының» бас бапкері «Ақтөбемен» өткен бүгінгі матч (1:3) туралы пікір білдірді.

— Менің орнымда кез келген бапкер стадиондағы бүгінгі атмосфераға таңданбай кете алмас еді. Өкінішке қарай, мен қарсыласты жеңісімен құттықтауға мәжбүрмін. Матч шиеленіске толы болды. Командалар алаңда көп талас жүргізді. Әрине, бәрі ойыншылардың тарапынан өте жоғары деңгейде жасалды дей алмаймын. Ойын соңына дейін біз кездесуді құтқаруға тырыстық. “Ақтөбе”, меніңше, есепті сақтауға ұмтылды. Ал үшінші гол барлығының нақты қорытындысы болды деп санаймын. Біздің Шымкентте де матчтарға жанкүйерлер өте көп жиналады. Бірақ бүгінгі ойында бәрібір “Ақтөбенің” жеңісі жанкүйерлердің арқасында болды ойлаймын. Өз стадионындағы және басқа аренадағы “Ақтөбе” — екі түрлі. Ойын біршама тең өрбісе де, қарсылас өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды. Келесі матчтарда жақсырақ ойнауға тырысамыз.

Карам Султанов пен Әділхан Добай? Алғашқысы жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады, бірақ оның жоқтығынан ұтылдық дей алмаймын. Ал екіншісі жас ойыншы. Тактиканы өзгертіп, оны алмастыруға тура келді. Мұндай матчтар оған зор пайдасын тигізеді.

“Ордабасы” Түркияда жиын өткізбесе де, неге жақсы ойнап жүр дейсіз бе? Шынымды айтсам, Сіз айтпасаңыз, бұл есімнен мүлде шығып та кетіпті. Бірақ ойын өрнегінің жақсы болуы оқу-жаттығу жиындарына байланысты деп ойламаймын. Ойыншылармен жолым болды, үнемі солай. Жігіттердің мотивациясы жоғары деңгейде. Осындай жағдайда жұмыс істеудің өзі ләззат.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі