Андрей Ферапонтов: «Бұл тамаша стадионда әрқашан футбол мейрамы болуы тиіс»

08.Aug.2022

«Мақтаарал» бас бапкері «Ақтөбемен» өткен бүгінгі матч (0:1) туралы пікір білдірді.

— Әрине, біз топтан шығу бойынша міндетімізді өткен турда орындап тастағанбыз. Біз бұл ойынға ешқандай психологиялық қысымсыз келген едік. Өз жігіттеріме көрсеткен ерік-жігерлері үшін алғыс айтамын. Олар біздер талап еткендей ойнады десем болады. Стадиондағы атмосфераға келетін болсақ, Ақтөбеде ойнау әр кезде де ғанибет дүние. Мұндағы жанкүйерлер командасын тоқсан плюс минут бойы алға айдайды. Біздің командадағы кейбір футболшылар мұндай атмосферада өмірінде ойнап көрмеген. Менімен көптеген бапкерлер мен ойыншылар келіседі деп ойлаймын: бұл тамаша стадионда әрқашан футбол мейрамы болуы тиіс. Ойынға келетін болсақ, бізде де гол соғатын біршама мүмкіндік болды. Жүзеге асыра алмадық. Стандарттан доп жіберіп алғанымыз өкінішті болды. Біз клуб ретінде қайта құруды бастан өткеріп жатырмыз. Жаңа ойыншылар келді. Олар бізге Премьер-лигада қалуға көмектеседі деп ойлаймын. Кубоктік матчтар бізге дайындықтың қызметін атқарады. “Ақтөбені” бүгінгі жеңісімен құттықтаймын!

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі