Арман Кеңесов: “Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын”

07.May.2023

Арман Кеңесов: “Голым командаға пайдасын тигізіп жатса қуанамын”

“Ақсу” қақпасына жеңіс голын соққан жартылай қорғаушы өткен кездесуден алған әсерін бөлісті.

— Өте ауыр жеңіс. Ақыры жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымын. Соңғы ойындарда жеңе алмай жүрген едік. Бүгін бар күш-жігерімізді салып, үш ұпайға қол жеткіздік. Төртінші голым? Иә, қазір салқынқанды түрде ұтымды сәтті күтіп, алыстан соққы жасауға тырысамын. Юрий Анатольевич (Логвиненко — баспасөз қызметі) те алыстан соққы жаса деп жиі айтады. Сенімділік пайда болды. Гол соғып, командаға пайдамды тигізіп жатсам, әрине, қуанамын. Ал бүгінгі голымды анама арнасам деймін.