«Ақтөбе» жастар командасы өз жиынын ірі жеңіспен аяқтады

28.Mar.2022

«Ақтөбе-U21» кеше даниялық «Юллинге» клубын 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Біздің жастар сапында Байдәулетов, Арыстанов, Орналин (дубль), Русланұлы (дубль) және Орда көзге түсті.

Жалбыров шәкірттері Түркияда 9-27 наурыз аралығында өткен оқу-жаттығу жиындары аясында төрт бақылау матчын өткізіп, қарсылас қақпасына 18 гол соғып, 8 доп жіберді.