“Ақтөбе” түлектері “Краснодарда” қаралымнан өтеді

03.Aug.2022

2012 жылы туған “Ақтөбе” жасөспірімдері Самаев Расул, Есентүгел Хасан және Әйтенов Дамир ресейлік “Краснодар” академиясына қаралымға шақырылды.

Бұл жайлы жас өрендерді бес жасынан баптап келе жатқан бапкер Қуанышбек Орынтаев хабарлады.

“Бұл балалар былтырғы республикалық “Жас қыран” турнирінде топ жарған шәкірттерім. Содан соң біздің басшылық командамызды Мәскеудегі FSHM Cup халықаралық жарысына жіберген болатын. Онда сәтті өнер көрсеткеннен кейін үш ойыншыға бірнеше клубтан ұсыныс түсті. Ата-аналар өзара ақылдаса келе “Краснодарды” таңдады. 4-13 тамыз аралығында түлектерім сол жақта іріктеуден өтпек”, – деді Қуанышбек Абайұлы.

Сәттілік тілейміз!