“Ақтөбе” ФК аудандық филиалдары экипировкамен түгел қамтылды

18.Oct.2022

Клубтың 55 жылдығы аясында бұған дейін облыс аудандарының футбол орталықтарында айналысатын 450 балаға спорттық экипировка сыйланған болатын.

Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау, Қобда және Шалқар аудандарындағы “Ақтөбе” ФК футбол орталықтарының тәрбиеленушілеріне спорттық киім-кешектер сәтті жеткізілді. Аудандық әр жас футболшыға 30 түрлі киім түрінен тұратын жиынтықтың тарту етілгенін атап өтейік.

Сондай-ақ аудан орталығынан бөлек, шалғай ауылдардағы “ақ-қызыл” жас балаларымыз да тиісті экипировкамен қамтамасыз етілді.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі