Ақтөбе» футбол клубы Parimatch Foundation халықаралық қорымен бірлесіп балаларға сыйлық жасады

02.Jun.2022

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Ақтөбе қаласындағы “Үміт” сәбилер үйінің тәрбиеленушілері Орталық стадионда қонақ болды.

Қайырымдылық акциясы «Ақтөбе» ФК және клубымыздың ресми демеушісі Parimatch компаниясы PМ Foundation қайырымдылық қорының біріккен күшімен ұйымдастырылды.

Аталмыш балалар үйінен келген ата-ана қарауынсыз қалған және мүгедектігі бар жас жеткіншектер жасыл алаңымызда еркін көсіліп, бой сергітті. Қос футболшымыз Ескендір Қыбырай мен Сердер Сердеров бүлдіршіндермен бірге доп теуіп, сәбилердің балғын көңілдерін аулады.

Кездесу соңында балаларға серіктесіміз ұсынған брендтелген сөмкелер, спорттық білезіктер мен бөтелкелер тарту етілді. Мәз-мейрам қалыпта естелік суретке түскен тараптар келесі мәрте үлкен футбол матчында бас қосуға уәделесіп тарқасты.

PM Foundation халықаралық қайырымдылық қоры 2019 жылы құрылды. Қордың басты мақсаты — әлеуметтік мәртебесі мен физикалық ерекшеліктеріне қарамастан балалардың білім және спортқа тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ететін бастамаларды ұйымдастыру және қолдау.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі