Бағдат Абдуллаев — #ТұранАқтөбе матчының бас төрешісі

12.Jul.2022

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 12-тур аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионаты
12-тур
12 шілде
Тұран — Ақтөбе

Төрешілер: Абдуллаев Бағдат (Қаратау), Айжігітов Ғалымжан, Жақсылық Төребек (екеуі де — Қызылорда)

VAR төрешісі: Ноженко Сергей (Талдықорған)
AVAR төрешісі: Навроцкий Иван (Нұр-Сұлтан)
Қосалқы төреші: Байымбет Сәкен (Тараз)
Инспектор: Перемитин Александр (Алматы)

38 жасар Абдуллаев жалпы өзінің төрешілік мансабында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 7 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның екеуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, екеуінде тең ойнап, үшеуінде жеңіліс тапқан.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі