Георгий Чеховский — #АқтөбеАқсу матчының бас төрешісі

25.Aug.2022

ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаменті Olimpbet-Қазақстан Чемпионатының 17-тур аясындағы болатын матчтарына төрешілер тобын тағайындады.

Футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионаты
17-тур
26 тамыз
Ақтөбе — Ақсу

Төрешілер: Чеховский Георгий (Нұр-Сұлтан), Айжігітов Ғалымжан (Қызылорда), Мерғазы Әліби (Семей)

VAR төрешісі: Байымбет Сәкен (Тараз)
AVAR төрешісі: Павлов Александр (Алматы)
Қосалқы төреші: Мортин Никита (Ақтөбе)
Инспектор: Борисов Александр (Семей)

32 жасар Чеховский жалпы өзінің мансаптық тарихында «Ақтөбенің» қатысуымен өткен 6 матчқа бас қазы болып тағайындалған. Оның тек біреуінде ақтөбеліктер жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнап, төртеуінде жеңіліс тапқан.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі