Жанкүйерлеріміз қайырымдылық танытты

29.Jun.2022

“13 сектор” фан-қозғалысы “Ақтөбе” футбол клубының аудандық филиалдарында тәрбиеленіп жатқан 450 балаға арнап спорттық экипировка сыйлады.

Ақтөбелік белсенді жанкүйерлер аталмыш акциямен тек стадионда ғана емес, одан тыс та клубтың келешегі үшін қолдау көрсетуге даяр екендіктерін көрсетті.

Біздің клуб және көрермендеріміз әрқашан балалардың футболмен айналысуына жағдай жасау жағын қамтамасыз ету бойынша еңбек етуге әзір.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі