Игорь Зенькович: “Даңқты клубқа оралғаныма өте қуаныштымын”

09.Aug.2021

“Ақтөбе” ФК сапына үшінші мәрте оралып отырған шабуылшы клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз әсерлерімен бөлісті:

“Даңқты клубқа қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Себебі “Ақтөбе” — Қазақстандағы менің ең сүйікті командам.

Мұндағы атмосфераны, бақытты шақтарды сағынған едім. Осы мүмкіндікті ұсынып отырған клуб басшылығына алғыс білдіремін.

Командаға мейлінше көмектесіп, барынша барлық мақсат-міндеттерді орындауға атсалысамын деп сенемін”, – деп ағынан жарылды Игорь.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі