Иманалинге ота жасалды

09.Dec.2021

«Ақтөбе» шағын футбол клубының әмбебап ойыншысы және капитаны Қайрат Иманалин Оралда өткен «Бәйтерекке» қарсы екінші ойында жарақат алып қалды.

Оралдық емханада Қайратқа «Сол жақ бет сүйек доғасының жабық түрдегі сынығы» деген диагноз қойылған болатын.

Бірер күн бұрын Ақтөбеде ойыншыға ота сәтті жасалып, Иманалин екі айдай қалыпқа келу курсынан өтетін болады. Ол уақытқа дейін, өкінішке қарай, футзалшымыз доп тебе алмайды. Тепкен күннің өзінде де қорғаныс шлемнің көмегімен ойнауы мүмкін.

Тез сауығып кет, Қайра!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі