Карпович «Ақтөбемен» келісім-шартын ұзартты

12.Dec.2022

«Ақтөбе» футбол клубы Андрей Владимирович Карповичпен арадағы келісім-шарттың ұзартылғанын ресми хабарлайды.

41 жасар қазақстандық маман биыл мамыр айында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі жетінші орыннан екінші сатыға көтере білді.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша “Қазақстанның үздік бапкері” деп танылған Андрей Карпович ақ-қызылдармен бірге күміс алқа иеленіп, УЕФА Конференция лигасына жолдама алды.

Бас бапкерімізге тек сәттілік және еурокубоктік жорықтарда “Ақтөбеге” мол табыстар әкелуін тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі