Николай Ускоев — «Ақтөбе» ШФК жаңа шабуылшысы

31.Jan.2022

32 жастағы ресейлік форвард «Ақтөбе» футзал клубына ауысты.

Ойыншы өз туған жерінде «Корпорация АСИ» (Кемерово), «Коммунальщик» (Белово) және «Кузбасс» (Кемерово) клубтарында көзге түскен.

Футзалдан Ресей Жоғары лигасы «Шығыс» Конференциясында өнер көрсететін «ИрАэро» (Иркутск) сапында ағымдағы маусымда 12 матчта 12 гол соққан.

«Ақтөбе» қатарына қосылуыңмен, Николай!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі