Петр Бадло «Ақтөбеге» қайта оралды

06.Aug.2021

Петр Климентьевич Бадло «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды.

Бадло – «ақ-қызылдардың» аты аңызға айналған ойыншыларының бірі. Ол көптеген жылдар бойы «Ақтөбе» сапында ойнап, клубтың дәуірі дүрілдеп тұрған кезде беделді ойыншылардың бірі болды. Капитандық міндетін де лайықты атқарған ол “Қобыланды батырға” ойыншы ретінде соңғы рет 2014 жылдың соңында шыққан болатын.

Петр Бадло «Ақтөбе» құрамында 8 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет күміс жүлдегер, 3 рет қола жүлдегер атанды. Бір рет ҚР Кубогін жеңіп, 3 рет Суперкубок иегері және Достастық Кубогінің күміс жүлдегері атанды.

2018-19 жылы да Бадло “Ақтөбе” футбол клубында Владимир Мухановтың көмекшісі қызметін атқарған болатын.

Қош келдіңіз, дядя Петя! «Ақ-қызылдар» сапындағы бапкерлік ісіңізге сәттілік тілейміз!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі