«Ақтөбе» ФК Директорлар кеңесінің төрағасы салынып жатқан академия құрылысымен танысты

02.Dec.2022

“Ақтөбе” футбол клубы Директорлар кеңесінің мүшелері жаңа тағайындалған төраға Болат Мажағұловтың басшылығымен қаламызда тұрғызылып жатқан жаңа балалар академиясының құрылыс нысанына барды.

Болат Бауыржанұлы сапар барысында құрылысшылармен сөйлесіп, келер жылы пайдалануға берілетін спорт сарайының ашылуына дейін құрылыс жұмысын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ кездесуге “Ақтөбе” басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев пен Директорлар кеңесінің мүшелері Сәния Қалдығұлова мен Фархат Имашев қатысты.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылдың 15 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес, қаламызда «Ақтөбе» футбол клубының балалар-жасөспірімдеріне арналған жаңа академиясының құрылысы басталған болатын.

Салынып жатқан балалар-жасөспірімдер академиясының кешені барлық озық және заманауи талаптарға жауап беретін болады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі