Жергілікті ойыншылармен келісім-шарт ұзартылды

17.Jan.2022

«Ақтөбе» футбол клубының түлектері болып табылатын бірқатар футболшылармен келісім жасалды.

Атап айтқанда, команда капитаны Юрий Логвиненко және басқа да қорғаушылар Әлішер Әжімов, Рустам Темірхан, Әділхан Таңжарықов пен жартылай қорғаушы Максим Самородов жаңа келісім-шарттарына қол қойды.

Былтырғы маусымда қызыл-ақтар құрамында ойнаған Дидар Жалмұқан, Антон Шурыгин және «Екібастұз» сапында жалда болған Есен Жасановпен өзара мәміле бойынша еңбек шартын жасаспау туралы шешім қабылданды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі