Қуанышты жаңалық! «Таразбен» өтетін ойынға арналған билеттер сатылымы ертең сағ. 14:00-де басталады.

09.Sep.2021

Билетті онлайн түрде Zakazbiletov сайтынан сатып ала аласыздар. Орталық стадион кассалары тек матч күні ғана жасайтын болады.

ЕСКЕРТУ: Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты трибуналарымыздың тек 30%-ына ғана жанкүйерлер кіргізіледі. Және де ASHYQ қосымшасы бойынша мәртебеңіз «жасыл» болуы шарт. Басқа түсті көрсеткен жағдайда, көрермен стадионға кіре алмайды және билет құны қайтарылмайды.

«Ақтөбе» — «Тараз» матчы 12 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі