Рожерио дос Сантос Шина: «Бұл қуанышты сәттерімнің тек басы деп сенемін»

20.Jun.2022

«Ақтөбенің» бразилиялық форварды «Атырауға» қарсы өткен жеңіс матчынан (2:0) кейін өзінің әсерлерімен бөлісті.

— Ең алдымен, бүгінгі жеңіс — біздің команда ретінде атқарып жатқан жұмысымыздың тамаша жемісі. Жаттығуда, одан тыс та біз қыруар еңбек етіп жатырмыз. Голға келетін болсақ, мен доп бағытталған нүктеге дәл жетуім керек болатын. Бұл қуанышты сәттерімнің тек басы деп сенемін. Мейлінше өзімізді дұрыс дайындасақ, құдай бізге несібемізді аямай береді деп ойлаймын. Бас бапкер де бізден командаға аянбай жәрдем тигізуімізді талап етеді. Бұл менің қолымнан келіп жатса, әрине, қуанамын.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі