Руслан Камболов: «Аз құраммен де сын-сағатта жеңіске жете алатынымызды тағы бір мәрте дәлелдедік»

21.Jun.2022

“Ақтөбе” ФК жартылай қорғаушысы “Атыраумен” өткен кездесу (2:0) жайлы өз ойын білдірді.

— Құттықтауларыңызға рақмет! Қай жағынан алсақ та, қиын ойын болды. Жасанды алаңда доп тебу оңайға соқпады. Отыз градус аптап ыстық. Ойын алғашқы голға дейін өрбіді десек те болады. Ескендір алаңнан қуылып, аз құрамда ойнадық. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, біз сын-сағатта да жеңіске жете алатынымызды тағы бір мәрте дәлелдедік. Сондықтан да бұл жеңістің дәмі тәттірек бола түскендей.

Әрине, бізге өз тәртібімізді дұрыстап, жинақы ойнау қажет. Кезекті матчта қателіктерімізді жөндеп, жеңіске жетуге тырысатын боламыз. “Астананың” құрамы мықты, бірақ біз кез келген қарсыласқа қалай дайындалсақ, оған да солай әзірленеміз. Бізді тек ұтыс қуантатыны түсінікті. Оның үстіне біз өз алаңымызда жанкүйерлеріміздің қызу қолдауымен ойнаймыз. Баршаңызды тамаша атмосферадан бірге ләззат алуға шақырамын!

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі