«Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына бірқатар жаңа ойыншылар келіп қосылды

18.Feb.2022

Қызыл-ақтардың Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше ойыншылар қаралымнан өтіп жатыр.

Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым және Армения құрамасының жартылай қорғаушысы тегі нигериялық Соломон Удо бар. Сондай-ақ «Ақтөбе» сапында қаралымда сербиялық қақпашы Саша Стаменкович және ресейлік қорғаушы Антон Бочаров жүр.

Сонымен қатар командамыздың жартылай қорғаныс шебін күшейтуге Мате Црнцевич есімді хорват орталық хавбегінің де келгенін айта кету керек.

Былтырғы құрамнан шабуылшы Виталий Балашов, жартылай қорғаушы Рифат Нұрмұғамет және қорғаушы Ардақ Сәулет те қаралым аясында бапкерлік штабқа өз қажеттілігін көрсетуде. Жиындағы қалған барлық ойыншылармен алдын ала келісім жасалған.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі