Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасына дайындықты бастады

26.May.2022

Бүгін біздің команда «Астана Аренада» алғашқы жаттығуын өткізді.

 Оқу-жаттығу жиынына жарақат алған қорғаушы Марат Быстров пен отбасы жағдайына байланысты қақпашы Стас Покатилов келе алмады. Олар алдағы ойындарға қатыспайды. Ал Нұралы Әліп қатарға 29 мамыр күні қосылады.

 Еске сала кетейік, Әзербайжанмен ойын 3 маусым күні сағат 20:00-де болады. Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.