“Ақтөбе” жас футзалшыларына спорттық киім-кешек тарту етілді

06.Aug.2021

Бірер күн бұрын 10-17 жас аралығындағы “Ақтөбе” шағын футбол клубының балаларына демеушілік көмек көрсетілді.

Жиынға қатысқан «Ақтөбе» футбол клубының Басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев пен футзал қызметкері Мақсат Тюмалиев сөз сөйлеп, аталмыш шараға демеуші болған «West Soul» компаниясының директоры Марат Заировқа алғыстарын білдірді.

Ойын және жаттығу жабдығынан тұратын жиынтыққа ие болған жас жеткіншектер мен ата-аналар естелік суретке түсіп, мәз-мейрам көңіл-күймен тарқасты.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі