«Ақтөбе-2008» ҚР біріншілігінде «Шахтер» мен «Қызыл-Жарды» тізе бүктірді

19.Apr.2022

2008 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы туры 11-16 сәуір аралығында Атырау қаласында өтті.

Өткен жарыстағы екінші топта «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер» және «Қызыл-Жар» кездесті. Бірінші ойында елордалық командадан 0:1 есебімен ұтылған біздің жас өрендер кейінгі екі ойында қарағандылықтар мен петропавлдықтарды 2:1 және 3:1 есебімен жеңді.

«Шахтер» қақпасына Жанаев пен Аралбаев гол салса, «Қызыл-жарды» ұтуға Матвеевтің хет-тригі сеп болды. Осылайша, Ринат Жиембеков пен Иван Петренконың шәкірттері алғашқы турда алты ұпай жинап, Ақтөбеге оралды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі