«Ақтөбе» ФК жастар командасының бұрынғы аға бапкері Валерий Алемаскин көз жұмды.

30.Dec.2021

Валерий Викторович Ақтөбе футбол мектебінің түлегі бола тұра, жергілікті футболдың дамуына орасан үлес қосқан еді. 2006 жылы хромтаулық «Горнякпен» ҚР Біріншілігінің қола медалін ол бас бапкер ретінде жеңген. 2010 жылы оның баптауымен «Ақтөбе» жастар құрамы Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері атанса, 2014 жылы ел чемпионы атанған болатын.

Экс-жаттықтырушымыздың мезгілсіз көз жұмуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.