«Ақтөбе-2013» — «Dalmatinko Cup» халықаралық турнирінің күміс жүлдегер

05.Jun.2023

Ақтөбе жасөспірімдері Хорватияның Сплит қаласында өткен халықаралық «Dalmatinko Cup» атты балалар және жасөспірімдер жарысында екінші орын алды.

Данияр Ахмедияр мен Нұрбол Жұмашевтің 2013 жылы туған балалардан құралған шәкірттері финалда өзбекстандық “Пахтакормен” бақ сынасып, 0:2 есебімен жол берді.

Дегенмен, турнир аясында алты жеңіске жеткен ақтөбеліктер еуропалықтарды таңғалдырып, лайықты өнер көрсетті.

Жарайсыңдар!