Көп рақмет, Луиш! «Ақтөбе» футбол клубының намысын қорғаған әлемдік футбол жұлдызы, португалиялық Луиш Нани кәсіби ойыншы мансабын аяқтады. Биыл ғана «ақ-қызылдар» сапына қосылған әйгілі футболшы аз уақыт ішінде ақтөбелік жанкүйерлердің көзайымына айналып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Нани алаңдағы шеберлігі мен кәсібилігінен бөлек, өзінің қарапайымдылығы, жомарттығы және жанкүйерлерге деген ерекше құрметімен де есте қалды. Ол әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы Ақтөбе қаласына, жергілікті жанкүйерлерге деген жылы ықыласын жиі білдіріп отырды. Футболшы ретінде үлкен мансабына нүкте қойған Луиш Нани Ақтөбемен қоштасуға асықпайды. Ол келер жылы қаламызға қайта оралып, жанкүйерлермен жүздескісі келетінін жеткізді. Луиш, футболға қосқан үлесің үшін рақмет! Ақтөбеде сені әрдайым құшақ жая қарсы алады!
«Ақтөбе» намысын қорғаған португалиялық жұлдыз Луиш Нани ойыншы мансабын аяқтады. Ол келер жылы Ақтөбеге қайта оралып, жанкүйерлермен кездесуді жоспарлап отыр.
Бөлісу
Жаңалықтарға оралу



