Алғашқы жиын – Түркияда

05.Jan.2026

«Ақтөбе» ФК жаңа маусымға дайындық барысында алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Түркияның Анталья қаласында өткізеді.

Бұл жиын 9-29 қаңтар аралығында өтеді. Жаңа келісімшартқа отырған ойыншылар осы жиынға командамен бірге аттанады. Сонымен қатар Николай Костов бастаған бапкерлік құрам бірнеше позицияға жаңа ойыншыларды бақылап, содан кейін шешім қабылдамақ. Командамен бірге өткен маусымда көзге түскен «Ақтөбе» футбол орталығының 5 ойыншысы ОЖЖ қатысады.

Бірінші жиында команда 3 бақылау матчын өткізеді. Командалар тізімі жоғарыда көрсетілген. Бақылау матчтарын тікелей эфирде көрсету жоспарда бар. Толық ақпарат біртіндеп жарияланады.