«Ақтөбе» екінші жиынына аттанды

01.Feb.2023

«Ақтөбе» екінші жиынына аттанды

Ақ-қызылдардың жаңа маусым алдындағы қорытынды дайындығы 1-24 ақпан аралығында өтпек.

Андрей Карпович шәкірттері Түркиядағы кезекті оқу-жаттығу жиыны аясында бірқатар бақылау матчтарын өткізеді.

Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы трансфер саясатын белсенді жүргізуде. Команданың құрамы жасақталып жатыр, оның ішінде тәжірибелі қақпашы Мирослав Лобанцев, грузин қорғаушысы Лука Гадрани және Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Милош Раичкович келісім-шартқа қол қойды.

Сондай-ақ өткен жиыннан бері бапкерлер командамызды күшейте алатын және мақсаттарымызға жетуге көмектесетін жаңадан келген ойыншыларды қарап жатыр. Олардың арасында ұлттық құрама ойыншылары мен еурокубоктерде зор тәжірибесі бар футболшылар жетерлік. Жақын арада олармен екінші жиын аясында келісімге келіп, жақсы жаңалықтармен қуантпақ ниеттеміз.

«Ақтөбе» футбол клубы