Вячеслав Левчук: «Қазақстан Премьер-лигасында жеңіл ойын болмайтынын біз бастапқыда-ақ жақсы түсіндік»

03.May.2025

– Өте қиын матч болды, бірақ Қазақстан Премьер-лигасында жеңіл ойын болмайтынын біз бастапқыда-ақ жақсы түсіндік. Өзімнің субъективті пікірімді айтсам: бұл біздің әділетті жеңісіміз. Неге олай деймін? Себебі біз үлкен кадрлық қиындықтарға тап болдық. Микроциклдің басында мен жігіттерге сәл өзгеше ойын моделін ұсынғанда, олар бұл ұсынысты жігерлене қабылдады. Белгілі бір сәттерді түсініп, бүгінгі нәтижеге жеткізгендері үшін жігіттерге алғыс айтамын.

Маған ұнамағаны — гол соққаннан кейін өзімізден өзіміз қорқып, артқа көбірек ойнай бастадық. Егер бірінші таймда біз оң қанатқа көбірек басымдық берген болсақ — сол жақ тыныш болды, ал екінші таймда сол қанат көбірек іске қосылды. Бұл, негізінен, біздің жаңа ойын моделімізге байланысты. Алдағы уақытта тепе-теңдікті тауып, екі қанаттың да бірдей жұмыс істеуіне қол жеткіземіз деп үміттенемін. Артқа көп ойнағанымыз ұнамады — ондай тапсырма болмаған еді. Бұл, бәлкім, жігіттердің психологиясына байланысты — олар нәтижеге жауапты екенін түсініп, сырт алаңда жеңіске жетуді қалады.

Оралхан Өміртаевтың жарақаты? Дереу нақты жауап беру қиын, өйткені әлі тексеруден өткен жоқ. Онымен аз-кем сөйлестім – бәрі дұрыс сияқты. Құдай қаласа, солай болады. Әзірге дәрігерлер айтқан алдын ала диагноз үміттендіреді.