Марио Рабиу – «Ақтөбе» ойыншысы

21.Feb.2025

«Ақтөбе» футбол клубы нигериялық футболшымен толықты. 25 жастағы Марио ақ-қызылдардың жартылай тірек қорғаушысы қызметін атқарады. Ол бізге дейін италиялық “Гроссета” мен “Модена” клубтарында ойнаса, 2023 жылдан бері албаниялық “Скендербеу” клубының намысын қорғаған. Аталған ұжымда 57 матчта 1 гол соққан ойыншы, біздің ұжымда 66 нөмірде өнер көрсетпек. “Ақтөбе” отбасына қош келдің, Марио!