Николай Костов: «Екінші гол бізді психологиялық тұрғыдан сындырды»

21.Oct.2025

— Атмосфера да, ойын да жақсы болды, бірақ өкінішке қарай, біздің пайдамызға болмады. Егер қысқаша талдайтын болсақ, біздің ойын жоспары — гол жібермеу еді. Бірақ сондай голдарды өткізіп алдық… Екінші голдан кейін бәрі өзгеріп кетті, өйткені есепті 1:1 еттік — рухымыз көтерілді, алайда екінші голды оңай өткізіп алдық. Ол бізді психологиялық тұрғыдан сындырды. Қарсыласты үнемі қуып жету бізге қиын болды — нәтижеге жете алмадық. Бүгін қақпашымыздың сенімсіз ойнағанын байқаған шығарсыздар. Бізде ол қорғаныс шебін сақтандыру керек деген тапсырма болды. Бірақ біз қорғаныс шебінің артына жіберілген пастарды өткізіп алдық, ал ол допқа бірінші болып шығуы тиіс еді. Ал екінші голдан кейін… бәлкім, ол психологиялық тұрғыдан сынды. Тіпті үзілісте өзі ауысуды сұрады.