Bienvenido a Aktobé, Freddy!
12.Aug.2024
Панама құрамасының шабуылшысы Фредди Элиас Гондола Смит ресми түрде “Ақтөбе” футбол клубының ойыншысы атанды.
28 жастағы Панама қаласының тумасы кәсіби мансабында өз отанындағы “Университарио” және “Тауро” клубтарында ойнап, “Танк” (El Tanque) деген лақапатқа ие болған. Панама Апертурасының чемпионы.
Сондай-ақ Гондола коста-рикалық “Алахуэленсе”, “Белен”, венесуэлалық “Депортиво Тачира”, “Яракуянос”, мексикалық “Ла-Пьедад” және израильдік “Маккаби Бней Рейне” клубтарында өнер көрсетіп, елуге жуық гол соққан. Либертадорес Кубогіне қатысып, алты матчта үш доппен көзге түскен. Венесуэла чемпионатының жеңімпазы, Коста-Рика Кубогінің және КОНКАКАФ Орталық Америка Кубогінің иегері.
2021 жылдан бері Фредди Панама ұлттық құрамасында ойнап келеді (21 ойын, бір гол). Жақында АҚШ-да өткен Америка Кубогінде өз құрамасымен бірге ширек финалға дейін жетіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды.
Бойы 1,86 см болатын Гондола негізінен шабуылдың сол жақ қанатында ойнайды, алайда қажеттілік туса орталық шабуылшы рөлін де тәуір атқарады.
Ақ-қызыл жанұяға қош келдің, Фредди!