Ақжол Тыныштықбаев: «Гол салғаныма өте қуаныштымын»

11.Apr.2022

Ақжол Тыныштықбаев: «Гол салғаныма өте қуаныштымын»

«Ақтөбе» футзал клубының ойыншысы «Атыраумен» өткен жеңісті матч (5:2) жайлы ойын білдірді.

— Биылғы маусым барысында сен жарақат та алдың, қиын кезеңдерді де бастан кешірдің. Бүгінгі голыңды жарқын уақыттың басы деп түсінсек бола ма?

— Иә. Ең алдымен, бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге шексіз алғыс айтқым келеді. Қиын кезеңдердің бастан өткені жасырын емес. Жарақаттан кейін де оңай болмады. Командаластарым және бапкерлерім көмектесті. Қайтадан өз бабыма еніп келе жатқандаймын, шүкір.

— Сені бүгін бас бапкер «бағана» ретінде алдыңғы шепте пайдаланды. Бұл тактикаға сені арнайы дайындады ма?

— Әрине, маусымның басында бапкер бұл ойды маған айтқан болатын. Бірақ негізінде мен оған дейін тек артқы шепте ойнап келгенмін. Қорғаныс мен үшін ыңғайлы десем болады. Ал алдыңғы қатарда шабуылшы ретінде ойнау қанша қиын болса да, бапкер тапсырма берсе, әмбебап болуға тура келеді. Гол салғаныма өте қуаныштымын. «Атырау» — өз футболшыларының жеке бас шеберлігіне көбірек иек артатын мықты команда. Бірінші матчта біз нашар ойнадық. Ал екінші матчта ешқандай қобалжу болмады. Жақсы жеңіске жете алдық.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі