Рақмет, Милош!
04.Jan.2024
Черногориялық жартылай қорғаушы Милош Раичкович келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Ақтөбеден” кетті.
30 жастағы ойыншы маусым басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлер аясында 30 ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды. Сондай-ақ “Ақтөбемен” бірге қола медаль иеленді.
“Ақтөбе” футбол клубы Милошқа өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, алдағы мансаптық жолына мол табыс тілейді.