Валерий Ситало — “Ақтөбе” футбол клубының қақпашылар бапкері

16.Jan.2024

54 жастағы украиналық маман Валерий Леонидович Ситало “Ақтөбенің” қақпашыларын жаттықтырмақ.

Валерий Ситало ойыншы ретінде өз отанында және Венгрияда, Германияда, Ресейде өнер көрсеткен. Бапкер ретінде украиналық “Рось” клубында өз мансабын бастап, 2003 жылы Қазақстанға келеді. “Атырауда” үш жыл қызмет атқарып, 2006 жылдан осы күнге дейін қарағандылық “Шахтер” клубында еңбек етті.

Қазақстанда Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов және Игорь Шацкий сияқты мықты қақпашылардың пайда болуына себепкер болды.

Валерий Леонидович сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашыларын дайындайды.