Жайро Жан: «Еңсемізді көтеруге тиіспіз»

23.Sep.2024

– Иә бұл ауыр матч болды себебі барлық жағынан ойын қиынға соқты. Қарсылас команда өз алаңында жақсы ойнады, ал біз сәтсіздікке ұшырап, өз дегенімізге жете алмадық. Енді алдағы маңызды матчқа дайындалып, еңсемізді көтеруге тиіспіз. Иә, финалдық матчты біз бәріміз күттік, сондықтан жүз пайызға әзірленуіміз керек. Өйткені мұнда қателесіп, ағаттық жасауға жол жоқ. Біз үшін жанын салатын жанкүйерлер мен өзіміз үшін жеңіске жетуге тиіспіз.