Рақмет Матео!

06.Jan.2025

Хорватиялық қорғаушы Матео Барач “Ақтөбе” ФК құрамында қалмайды. Матео мен клуб арасында келісімшарт мерзімі аяқталды.

Барачқа “ақ-қызылдар” сапында төккен тері үшін алғыс білдіре отырып, қоштасамыз!

Матео Барач “Ақтөбе” ФК құрамында 2024 жылы барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, 1 гол соқты.