Akwaaba Daniel Sosah!
02.Jul.2025
Ганалық және Нигерлық қос азаматтығы бар шабуылшы Даниэль Соса “Ақтөбе” ФК ойыншысы атанды. 26 жастағы футболшы 2021-22 жылы Беларусия чемпионатының “Ислочь” ФК сапында ойнады. 43 ойынға қатысып, 15 голмен көзге түсті. Кейін 2023 жылдан бастап украиналық “Кривбасс” ФК жейдесінде доп тепті.
Сондай-ақ, Даниэль 2021 жылдан бастап Нигер Ұлттық құрамасының ойыншысы. Осы уақытқа дейін құрама сапында 24 ойынға қатысып, 8 мәрте гол соққан.
Даниэльге команда сапында сәттілік тілейміз!