Ақтөбе» қайырымдылық көмек танытты

08.Dec.2021

Жақында Алматы қаласында жартылай және толықтай көз жанарынан айрылған жандарға арналған «Blind Football» республикалық футбол турнирі болып өтті.

Ақтөбенің атынан аталмыш жарысқа «LiderSag» қоғамдық қорының өкілдері қатысқан болатын. Ардақ Орынбасарова басқаратын ұжым командасына «Ақтөбе» футбол клубы тарапынан техникалық қолдау танытылды.

Қоғамдық ұйыммен бірлесіп, «Ақтөбе» ФК айрықша қажеттілігі бар тұлғалардың немесе әлеуметтік осал топтағы жастардың қатысуымен өтетін шараларға бірнеше жыл демеушілік жәрдем көрсетіп келеді.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі