Андрия Филипович: «Интернетте адамдар жаза береді»
05.Jun.2023
Андрия Филипович: «Интернетте адамдар жаза береді»
Хорватиялық ойыншымыз ғаламторда таралып жатқан қаңқу әңгімелерге нүкте қойды.
— Иә, “Шахтермен” өткен ойыннан соң мен жайлы айтылып жатқан жалған ақпарларды көріп таңғалдым. Мен еш жерде “Ақтөбеде” ойнағым келмейді немесе клубтан кеткім келеді деп айтқан жоқпын. Бұның бәрі өтірік сөз. Интернетте адамдар отырып алып жаза береді. Оларға сенудің қажеті жоқ.