Артур Смағұлов «Ақтөбе» шағын футбол командасымен кездесті.
06.Apr.2021
Футзалдан ел біріншілігінің жартылай финалына дайындалып жатқан «Ақтөбе» командасы, 16 сәуір күні Алматы қаласы «Нұр-Аман» спорт кешенінде «Атырау» командасына қарсы ойын өткізеді. Финалға өту үшін командалар 3 жеңіске дейін ойнауы тиіс.
Қазіргі таңда өз жқаласындағы өткізіп жатқан Виктор Тарчило шәкірттері, күнделікті жаттығуларын «Қоныс» спорт кешенінде дайындалады. Кеше жаттығу алдында командамен “Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов кездесті. Артур Тамерланович команданың ағымдағы дайындығымен танысып, маңызды ойын алдында ойластырылған бар мүмкіндіктің жүзеге асуын тілеп жігіттерге қолдау білдірді. Өз кезегінде жаттықтырушылар штабы мен ойыншылар басқарма төрағасына біріншіліктің финалына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын айтты.
«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі