Асхат Қалжанов – өз еркімен “Ақтөбе” футбол клубының спорт директоры қызметінен кетті!

19.Jul.2021

Спорт директоры қызметіне ағымдағы жылдың сәуір айында тағайындалған
Асхат Сағитжанұлы, осыған дейін “Ақтөбе” ФК-да медиа-офицер, жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі қызметкер, футбол орталығының менеджері лауазымдарында еңбек еткен болатын. 2015 жылдың қаңтар айында “Ақтөбе футбол федерациясының” бас хатшысы болып сайланып, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы ұйымның вице-президенті болған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап, осы ұйымның президент міндетін атқарды. Сондай-ақ 2021 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды

“Ақтөбе” футбол клубы Асхат Қалжановқа жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында одан әрі табыстар тілейді!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі