«Ақтөбе» бірқатар ойыншылармен қош айтысты

04.Jan.2023

«Ақтөбе» бірқатар ойыншылармен қош айтысты

Кейінгі маусымды “Ақтөбе” сапында өткізген жеті футболшы командамызда қалмайтын болды.

Атап айтқанда, ақтөбелік клубта бір жарым маусым ойнаған украиналық шабуылшы Виталий Балашов пен африкалық жартылай қорғаушы Йоахим Адукор “Ақтөбеден” кетпек.

Сондай-ақ “ақ-қызылдар” қатарын былтыр толықтырған сербиялық қақпашы Саша Стаменкович, ганалық форвард Эрнест Антви, ресейлік ойыншылар Руслан Камболов пен Сердер Сердеров және молдовалық қорғаушы Владимир Гинаитис клубпен жаңа келісім-шартқа отырған жоқ.

«Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ойыншыларға өзара ынтымақтастық үшін зор алғыс білдіре отырып, ілгергі мансаптарына сәттілік тілейді.