Ақтөбе — Каспий матчы Виктор Абгольцті еске алуға арналады
07.Oct.2022
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXII туры қазақстандық футболшы, бүкілодақтық санаттағы төреші Виктор Алексеевич Абгольцті еске алуға арналды.
Виктор Алексеевичтің футбол мансабы екі клубпен байланысты – ол «Шахтер» (Қарағанды) және «Қайрат» (Алматы) футбол клубтарында өнер көрсетті. Алматылық команда сапында Халықаралық теміржолшылар спорт одағының кубогін жеңіп алды.
КСРО чемпионатының жоғарғы лигасындағы мансабында Абгольц 95 ойын өткізіп, 14 гол соқты. Бірінші лигада 230 ойын өткізіп, 81 гол соқса, ал Екінші лигада 34 ойын ойнап, 21 нәтижелі соққымен көзге түсті.
Бұдан бөлек Виктор Алексеевич «Қайрат» сапында «Динамо» (Кировобад) және «Шахтер» (Донецк) командаларының қақпасына екі рет хет-трик жасап, ерекшеленді. Сонымен қатар, атақты Лев Яшин қорғаған мәскеулік «Динамо» қақпасына да гол соғып, тарихқа кірді.
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының тарихында әлі күнге дейін өткізген ойындар (224) және соғылған голдар (81) саны бойынша рекорд жасаған ойыншылардың бірі болып табылады.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Абгольц қарағандылық клубтың бапкерлер штабында жұмыс істеді, содан кейін төреші және инспектор ретінде қызмет атқарды.
2017 жылдың 26 қыркүйегінде Виктор Алексеевич 73 жасында арамыздан кетті.