“Ақтөбе” ФК басқарма төрағасы тағайындалды
06.Jan.2025
Бүгін “Ақтөбе” ФК директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов ұжымды жаңа төрағамен таныстырды. Төрағалық міндетті “Ақтөбе” ФК түлегі, экс-футболшы Нұрымұлы Санат Шалекенов атқаратын болды.
Айта кетейік, Санат Шалекенов 2007 жылдан бері “Ақтөбе-Жас” командасында ойнады. 2013-2014 жылдары негізгі құрамға шақырту алды. Сондай-ақ, мансабында “Ақжайық”, “Тобыл”, “Атырау”, “Каспий” командаларының құрамында доп тепкен. “Қазақстан U-21” жастар құрамасына шақырылды.
Қорғаушы позициясында ойнаған Санат Шалекенов 2010 жылы “Тобыл” ФК сапында, 2013 жылы “Ақтөбе” ФК сапында футболдан “Қазақстан Премьер-лигасының” чемпионы атанды.
