Болат Мажағұлов “Ақтөбе” ФК Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті
27.Jul.2023
“Ақтөбе” футбол клубы Директорлар кеңесінің басшылығында өзгерістер орын алды.
Болат Бауыржанұлы былтыр қараша айында төраға болып тағайындалып, Директорлар кеңесіне мүше және тәуелсіз директор ретінде “13 сектор” көшбасшысы Фархат Имашевті ұсынған болатын.
Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып қала әкімі Азамат Бауыржанұлы Бекет тағайындалды.
“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі