Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында

08.Oct.2021

2013жылы туылған жас өспірімдер арасындағы «Ақтөбе» футбол клубтарының «Алтын бидай» ашық турнирінің ашылуы өтті. Алғаш рет облыстық деңгейде ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе облысының әрбір аудандарынан 12 команда келіп қатысты.

Ашылу салтанатында “Ақтөбе” ОФК АҚ басқарма басшысы Ерлан Джамантаев аудан спортының дамуына үлес қосқан демеуші абзал азаматтар мен үздік спорт ардагерлеріне футбол клуб атынан естелік сыйлықтар тапсырып, облыстық дейгейде жоғары ұйымдастырған аудан әкімі Дархан Ермағамбетовке өз алғыс білдірді. Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубы демеушілермен бірге турнирге келген 12 командаға да спорттық құрал саймандар сыйға тартты.

3 күнге созылатын «Алтын бидай» ашық турнирінде жеңіске жеткен командаларға және өзін көрсете білген ойыншыларға бағалы сыйлықтар табысталады.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі